Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстанда оқу бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев білім бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды.

Шпекбаев “Адалдық негіздері” деп аталатын міндетті пән енгізіп, онда жеморлықтың зиянын түсіндіру және адал қоғамды қалыптастыру шараларына жүргізу керек деп санайды.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, тоқсан сайын “Адалдық сағаты” республикалық акциясы ұйымдастырылады.

“Инфрақұрылым да жасалып жатыр. Адалдық дүкендері мен киоскілері ашылуда. Барлық оқу орнында “Адалдық негіздері” деген міндетті пән енгізетін уақыт келді деп ойлаймын”, – деп түйіндеді Шпекбаев.

Оның пікірінше, жаңа пән енгізудің арқасында білім мекемелерінде тәрбие жұмыстары күшейеді.

Комментарий