Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Полиция басшылары тестілеуден өтіп жатыр

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Р.Құрымбаевтың төрағалығымен Департаменттің басқарма және бөлім басшылары диагностикалық тестілеу өтіп жатыр.

Диагностикалық тестілеудің  негізгі мақсаты – басшылардың ұйымдастыру, басқару қабілеттерін сын тезінен өткізу, дейді  Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

–        Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкердің біліктілігі қатаң бақылауға алынуда. Оның ішінде, полиция қызметкерлеріне де талап күшейтілді. Осы мақсатта, ең алдымен басшы құрамның кәсібилігі, ұйымдастырушылық және өзге де қасиеттерінің жоғары деңгейде болуы аса маңызды,- депті Р.Құрымбаев.

Тестілеудің нәтижесіне сәйкес, сынақ тапсырушы қызметкерлерге өзін-өзі дамыту жұмыстары жүргізіледі екен.

Комментарий