Талқыдағы тақырып

Ескі-құсқы мылтық, көне техникамен жаттығу өткізіп қажеті не?!

Осы заманда ешкім қарумен соғыс ашпайды. Ендеше ескі-құсқы мылтық, көне техникамен жаттығу өткізіп қажеті не?! Талай оқу- жаттығу алаңдарына түсірілімге барамыз. Кеңес заманынан келе жатқан қарумен далаға оқ атып, қаржыны ауаға шашқанды ғана көресің. Қыршын кеткен жас әскерилердің отбасыларына 1 млн. теңге көмек береді екен. Тым аз. Бұл кейбіреулердің бір- екі айда ғана табатын жалақысы. Тіпті біреулер бұл сомманы бір түнде қыдыруға шаша салады. Қаза тапқандардың барлығы бір-бір отбасының асыраушылары еді. Мемлекет олардың артында қалған отбасыларын қамқорлыққа алуы керек.

Ришат Асқарбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий