Талқыдағы тақырып

Құдды жетпіс жеті ата-бабасына өздері акушер болғандай еседі

Тағы да сол сүйікті тақырыбымыз – текті-тексіз, ақсүйек-қарасүйек боп жырғап жатыр екенбіз ғой. )) Құдая тоба, айналдырған он миллионның айналасындағы жұрт, бітірген ісі шамалы. Неткен тәкәппарлық десеңізші. “Көкмойнақтың үйірі” дерсіз. Асыл тұқымы туралы айтқанда бірінен бірі өтеді. Құдды жетпіс жеті ата-бабасына өздері акушер болғандай еседі. Басынан үркіншілік, соғыс, ашаршылық, нәубет өтпеген, мұхиттың ортасындағы жеке аралда тұрған елдің ұрпағындай көсіледі. Және сол жазбаны көбі “шатадан туған” данышпан ойлап тапқан гаджетке жазып жатқанын ұмытады. Қазіргі әлемдегі ұлы өнерпаздар – Анджелина Джолидің неліктен күйеуімен қосылып африкадан балалар асырап алып жүргенін, ұлы актер Александр Серебряковтың неге жетімханадан ұлдар өсіріп отырғанын түсіне алмай кететін шығар бұ жазғандар… ))

Қасым Аманжол

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий