Талқыдағы тақырып

Түріктің не орыстың қызы өзге елде өліп қалсыншы сол мемлекеттің жауапты өкілдері істі бұлай тыныш жаба салғанын көре алмайсың.

Елдана Қаһарман есімді қарындасымыз Түркияда қайтыс болды. Мамандар өзіне өзі қол салды депті. Түркияда оқып, сол жердің жергілікті тв-сында жұмыс істеп жүрген адамның төрт құбыласы тең емес пе? Жас журналиске одан артық не керек. Өзі жас,сұлу, арман мақсаты бар адам өзін өлтіре салуы мүмкін емес. Осыдан тура бір жыл бұрын МГИМО да оқып жүрген тағы бір қарындасымыз өзіне қол салды дегенде күдіктендік. Куәгерлер Томиристі жоғарғы қабаттан жігіті итеріп құлатты десе де тергеу қазақ қызы өзіне қол салды деген кесім шығарды. Бұл екі өлім бір-біріне қатты ұқсайтын сияқты.Екеуінің де ар жағында қатыгездік жатыр. Әйтпесе ай мүсінді қарындастарым өздеріне қол салады дегенге сенбеймін. Қара судың да сұрауы бар заманда құзырлы органдар қалайша тыныш жатыр. Неге өздері барып тергеп, тексермейді. Қазақстанның азаматтары шетелдерде неге қорғалмайды.18 ақ миллон халықтың шеттегі әр азаматы қорғауда болуы керек емес пе?! Олай емес. Түркиядағы консулдық жұмысына сұрақ көп. Кіріп шығудың өзі қиын.
Түріктің не орыстың қызы өзге елде өліп қалсыншы сол мемлекеттің жауапты өкілдері істі бұлай тыныш жаба салғанын көре алмайсың. Бұндай жағдай жүмсартып айтқанда халықаралық дауға ұласар еді. Ал біз бәріне сенгіш, көнгішпіз. Одан әрмен, шетелде тыныш жүрмей ме деп өздерін сөгуіміз де мүмкін. Осылайша жабулы қазан жабық жата береді. Қаршадай қарындастарым өзге елдерде неге қыршын кетіп жатыр?! Оларды қорлаған қол, тілдеген тіл екі дүниеде қор болсын дегім келеді. Әйтпесе бұл дүниеде қыздарымыздың сұрауы жоқ болып тұр ғой…

Көпжасарұлы Ерқанат

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий