Аймақ | Регион

Коронавирусқа күдіктелген 2 қытайлықты пойыз қызметкерлері Шудың бойында қалдырды (ФОТО)

Желіде “скафандр” киген дәрігерлердің пойызға жүгіріп бара жатқан суреті тарап жатыр.

Жамбыл облысында коронавирус дертіне күдіктенген пойыз қызметкерлері екі Қытай азаматын пойыздан түсіріп кетті. Дәрігерлер вирустың анықталмағанын айтады, деп хабарлайды Zanmedia.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Желіде “скафандр” киген дәрігерлердің пойызға жүгіріп бара жатқан суреті тарап жатыр.

“Коронавирус жұқтырды” деген күдікпен екі пойыз жолаушысы Шу станциясынан түсірілді”, – делінген сурет астындағы жазбада.

“Сарыағаш-Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыздан 29 қаңтарда түсірілген Қытай азаматтарынан жұқпалы вирус белгілері табылмады”, – деп хабарлады орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Мұқатаев.

Халықтың үрейін ұшырған екеуге қатысты әкімдік те мәлімдеме жасады.

“Түшкіре бергеннен соң күдік келтіріліп, Қытай азаматтары аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының бөліміне жеткізілді. Азаматтарды тексеру кезінде вирус белгілері болмағаны анықталды. Жағдай бақылауда. Ауданда қауіпті инфекциялардың алдын-алу үшін арнайы жабдықталған жедел жәрдем көлігі бар. Босқа дүрлікпеулеріңізді сұраймыз”, -деді Шу ауданы әкімдігінің ресми өкілі.

Комментарий