Құқық | Право

Тараз тұрғыны қышқыл көмегімен 16 терминалды істен шығарған (видео)

Таразда полицейлер 16 Qiwi терминалын істен шығарған жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғау органдарына арызданған жергілікті кәсіпкер белгісіз біреулердің 16 Qiwi терминалына қышқыл құйып, істен шығарып тастағанын айтқан.

Азамат бұл залалдың өтемақысын төрт млн теңгеге бағалап отыр.

Тәртіп сақшылары күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде анықтаған. Ол өз ісін мойындағанымен, бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндіре алмапты..

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

Комментарий