Қоғам | Общество

Сүйінші! Коронавирусқа қарсы вакцина табылды

Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, деп хабарлайды South China Morning Post қытайлық басылымы. 

“Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек”, – дейді Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг.

Профессордың сөзінше, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға, ал адамдарға жүргізілетін клиникалық сынама үшін бір жылдай уақыт керек.

Басылым мәліметінше, ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны коронавирустың беткі антигенін қосып түрлендірген.

Комментарий