Шоу бизнес

Роза Әлқожа: тамағы тоқ, уайымы жоқ деп ойлайды

Желіде ұзын сонар жазба қалдырған Роза Әлқожа оқырмандарын алаңдатып қойды.

Өнер иесі бір айдың ішінде 3 рет жүректен құлап, денсаулығы сыр бергенін жеткізді.

«Енді ғана ем алып, ес жиюдамын. Күліп жүргенге  «тамағы тоқ, уайымы жоқ» деп ойлайды ғой ел. Табаламасын деп тоқ көрінесің. Сөз қылмасын деп сыр білдірмейсің»,- деп ағынан жарылған өнер өкілі сөзін сабақтай келе, жақында басынан өткен бір жайтты тілге тиек етті.

«Бүгін бір кісі менен «кредитімді жабуға ақша бере тұршы» дегенде еріксіз күле бердім. Жаңа ғана бір еркек қайыр сұрады. Қалай ұялмайды екен әйелден сұрауға? Көпбалалы ана, нәзікжанды жаратылыс деп қарауды ұмытып барамыз, шамасы?!»-деп қоғамдағы аналар қауымына көрсетілетін құрмет пен көмектің азайып бара жатқанына қапалы екенін жеткізді.

Айта кетейік, Роза Әлқожа наурыз айының 8-ші жұлдызында «Аналардың анасы» атты шығармашылық кешін береді. Республика сарайында өтетін кеште әншіден өзге Айгүл Қосанова, Әбдіжаппар Әлқожа мен Еркін Нұржанов өнер көрсетіп, әндерін тарту етпек.

Комментарий