Жаңалықтар | Новости

Вирус: Ауырғаннан алты метр аулақ жүр

Қытайдың денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитетінің сарапшысы Ли Синван пневмонияға шалдықтыратын жаңа вирус негізінен ауа арқылы таралатынын, бірақ көзді қолмен уқалағаннан да ауру жұғатынын мәлімдеді.

 Сарапшы міндетті түрде бетперде тағып жүруге, ал адамдардан кемінде екі метр аулақ жүруге кеңес береді. Аурудың бастапқы белгілері дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пен құрғақ жөтел екен. Ауруы асқынған науқастардың тыныс алуы қиындап кетеді. Тыныс жолдары және жүрек-қан тамырларына байланысты ескі ауруы бар адамдар дем ала алмай өліп кетуі мүмкін дейді инфекционист сарапшы.

Синван сонымен бірге соңғы кездері аурудың жаңа жеңіл түрлері пайда болғанын да хабарлады.

«Кейбір науқастардың дене қызуы көтерілмеуі мүмкін, бірақ құрғақ жөтел пайда болып, әлсіздік басады. Ондай адамдардың өкпесі қабынып, жағдайы нашарламағанымен, олар вирусты таратушыларға айналады. Ал бұл індетті таратпау мен оны ауыздықтауға көп қиындық келтіреді», – дейді ғалым.

Комментарий