Қоғам | Общество

Алматыда бір адам бетпердені 15-20 данадан артық ала алмайды – маман пікірі

Оның айтуынша, медициналық ұйымдарда 1,1 миллион бетперде бар. Дәріханаларда да олардың саны жеткілікті.

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова арнайы баспасөз мәслихатында алматылықтарды жаппай бетперде сатып алып, дүрбелең тудырмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, медициналық ұйымдарда 1,1 миллион бетперде бар. Дәріханаларда да олардың саны жеткілікті.

«Қорғаныс деңгейі жоғары М-95 бетпердесі дәрігерлер мен медбикелерге арналған. Оны жекелеген тұрғындардың жаппай сатып алуына негіз жоқ. Кәдімгі бетперде де жеткілікті деңгейде қорғайды. Қалада бетперделер жеткілікті. Бетпердені жаппай сатып алудың қажеті жоқ»,– деді Айзат Молдағасимова.

Ол бір адамға 15-20 дана бетпердеден артық сатпауды ұсынды.

Комментарий