Аймақ | Регион

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды – ертең ауа райы қандай болады?

Елорда мен алты өңірде дабылды ескерту жарияланды. Жел күшейіп, боран соғады, тұман, көктайғақ болады

 Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстікте жауын-шашын, солтүстікте қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.

Дабылды ескерту

Елодада 27 қаңтар күні желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23 м/с болады.

Атырау облысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, боран, тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында боран, тұман, көктайғақ. Батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Кей жерлерде 23-28 м/с. Күндіз секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысында көктайғақ, боран. Батыс және оңтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысында тұман. Түнде көктайғақ болады. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран болады. Кей жерлерде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні– 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте күн бұлтты. Жаңбыр қарға ұласады. Ауа температурасы таңертең -6 , күндіз  +1, кешке -1 градус болады.

Синоптиктер Алматыда жауын-шашын болмайтынын хабарлады. Температура минус төрт, минус жеті градус шамасында.

Астанада қар жауады. Ауа температурасы минус 4-6 градус болады.

Комментарий