Талқыдағы тақырып

Осы қазақ өзін- өзі жаруға дайын бомбаға айналып барамыз-ау деп қорқам

Мәссаған, қожа мен қазақ арасында жойқын шайқас басталып кетіпті ғой?! Тақырып таусылған ба? Қожаның қазаққа “қара” деп қыз бермейтінін бала күнімізден көріп өстік. Қазаққа қызы тиген қожаның;”Сен бір шіріген жұмыртқа. Мені қарабет қылдың”,- деп, басқа жаққа көшіп кеткенін де көрдік. Оған бола сол кезде ел дүрліккен жоқ. “Ықылымнан қожалардың дәстүрі” деумен шектелді. Оны қойғанда, Түркия, Қытай, Сирия, Иран мен Еуропа елдеріндегі қазақтарға қараңыздаршы? Ешқайсы өзге ұлтқа үйленбеген. Тек, қазаққа үйлену арқылы қазақ тегін сақтап отыр. Оныма ең соңғы дәлел, Гүлмәрия Барманбекова ханымның Германиядағы қазақ отбасында қонақта болған кезінен тәнті бола жазған жазбасын оқыңыз. Қыз алып-бермесе, аз қожа ата-тегін сақтағысы келгені. Сол да сөз боп па? Қыз бермеудің баламасы ретінде; қазақ жеті атаға дейін қыз алыспайтынын мысалға ала салсаңыздаршы? О, Құдай, Қожа Ахмет Ясауи атамыздан ұят болды-ау, ә? Ал, сатқындық мәселесіне келсек, айналаға қарасаң, қожасыз да ұлт мүддесін сатып сатқан өз қазағың. Менің пайымымша, қазақ жеріндегі қожалар жүзге кірмегенімен- біздің бір руымыздай боп сіңіп кеткен. Бөстекіні бөріктірудің қажеті қанша, ағайын?! Осы қазақ өзін- өзі жаруға дайын бомбаға айналып барамыз-ау деп қорқам. Бөлінеміз деп, бөріге жем боп жатқанымызды; Көкшетаудың айна көлді сұлу жерін, жайын жеріміздің ең құнарлы һәм сұлу жерлерін жат ұлттардың пышақ үсті бөліп алғанына мыңқ етпейміз. Ал, руға келгенде, жиһадқа дайын қазағым-ай?!😞

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий