Құқық | Право

Теміртауда тура қаланың ортасында әйел соққыға жығылды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында көшенің қақ ортасында әйелге шабуыл жасалды. Желіде бұл оқиғаның видеосы да жарияланды. Қылмыскердің кім екені әлі анықталған жоқ. Ол оқиға орнынан қашып кетті.

“Бұл факт полицияда тіркелген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шабуыл жасаған адамды іздестіріп жатыр. Себебі ол бірден оқиға орнынан жасырынған екен.

Желіде жарияланған роликтен оның 23 қаңтарда түсірілгенін, ер адам мен әйелдің саябаққа ұқсас аумақта бір-біріне қарама-қарсы келе жатқанын көруге болады. Дереккөз мәліметінше, бұл жер – Гагарин даңғылы.

Жігіт әйелге жақындап келіп, оған шабуыл жасайды. Оны жерге құлатып, ұрып-соға бастайды. Ал ол барынша қорғануға тырысады.

Одан соң бұзақы әйелді жібере салып, кетіп қалады. Үрейленіп қалған тұрғын әрі қарай кете береді.

Комментарий