Аймақ | Регион

Қызылордалық пойыз астына түсіп қайтыс болды

Қызылордада жолаушылар пойызы 26 жастағы ер

азаматты басып кетті. Ол оқиға салдарынан сол жерде көз жұмды.

Қайғылы жағдай 23 қаңтар күні орын алды.

Басылым мәліметінше, теміржолды кесіп өтпек болған жергілікті тұрғынды “Қызылорда-Петропавл” жолаушылар пойызы басып кеткен.

Марқұмның қаланың КБИ шағын ауданында тұрғаны анықталды.

“Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға теміржолдың белгіленген аймағынан өту жөнінде құлағдар етіп келеді. Дегенмен оқыс оқиға тіркелді. Жолаушылар пойызы қаққан азамат оқиға орнында көз жұмды. Қала тұрғындарынан теміржолдан тек белгіленген жерлерден өтуін сұраймыз”, – деді ол.

Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Комментарий