Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Майкл Помпео Қазақстанға келе жатыр

2020 жылдың 1-2 ақпанында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео іссапармен Нұр-Сұлтанда болады. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

 «Сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады», – деп хабарлады сыртқы саяси ведомство өкілі.

Комментарий