Әлемде | В миреЕлең еткізер | Актуально

Коронавирусты жеңіп шыққан қытайлық

Шанхайда коронавирустың 2019-nCoV жаңа түрін жұқтырған бірінші науқас жазылды. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлады.

Шанхайлық дәрігерлердің айтуынша, 56 жастағы әйел ұзақ уақыт коронавирус тараған Ухань қаласында болған.

10 қаңтарда ол өзін жайсыз сезінген, екі күннен соң Шанхайға келген, 15 қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. 

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы оның коронавирусты жұқтырғанын анықтаған, бұл өңірдегі бірінші жағдай болған.

Ведомствоның есебінде емдеу барысында әйелдің жағдайы жақсарғаны, ал алты күнде дене қызуы нормадан аспайтыны айтылған.

Оның тыныс алуы да жақсарған, ал вирустың нуклеин қышқылдарының реакциясын тексеретін тест нәтижелері оның ауру еместігін көрсеткен.

Оның жай-күйін бағалай отырып, комиссияның сараптамалық тобы оны ауруханадан шығаруға болатын қорытындыға келді.

Комментарий