Әлемде | В миреЕлең еткізер | Актуально

Коронавирустан емделген алғашқы адам тіркелді

Қытайдың Шанхай қаласында 2019-nCoV коронавирусымен сырқаттанған адам емделіп шықты. Бұл туралы Sina агенттігіне сілтеме жасап, Lenta.ru хабарлады.

56 жастағы Чен қалалық ауруханада емделген. Дегенмен оның дене қызуының бәсеңдеуі байқалмаған. Коронавирусқа арналған жаңа препараттар оң нәтиже көрсетпеген.

Sina агенттігі науқастың ұзақ уақыт қытайлық сырқаттың отаны саналатын Ухань қаласында тұрғанын жазады. 10 қаңтар күні кешке қызуы көтеріліп, қалалық ауруханаға түскен. Екі күннен кейін Чен Шанхайға ауыстырылған. Осы шаһардағы ем-домнан кейін ол өзін жақсы сезіне бастаған. Оның айығып шығуы – алғашқы оқиға.

Бұған дейін Bloomberg өлімге әкелетін вирусты анықтаудың негізгі әдісі – температураны өлшеу емес. Бұл тәсіл дертті нақты анықтай алмайды деген еді. Өйткені осы сырқаттан көз жұмғандардың бірнешеуінде дене қызуы білінбеген. Коронавирустың басты белгілері – дене қызуы, әлсіздік және жөтел.

Комментарий