Құқық | Право

Алматыда екі жасар қызды өз үйіндегі иттер талап өлтірді

Алматыда жеке үйлердің бірінің ауласында ротвейлер тұқымды екі ит өз қожайындарының екі жастағы қызын талап өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық ветеринарлық қызметінің ақпаратына сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін, 29 наурыз күні, күндіз Алатау ауданының Құрылысшы шағын ауданында болған.

Бүлдіршін жедел-жәрдем көлігі келгенше қайтыс болып кетіпті.

“Жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде жануарларды Алматы қаласының ветеринарлық қызметінің қызметкерлері ұстап, мамандардың қадағалауымен иттер мен мысықтарға арналған уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді қалалық ветеринарлық қызмет.

Айта кетерлігі, сәби аулада үлкендердің қарауынсыз қалған. Осы орайда, ведомство өкілдері ит асыраушыларға, әсіресе жыртқыш тұқымдардың иелеріне арнайы ережелерді сақтау жөнінде ескерту жасады.

Комментарий