Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

«Бойыңыз тым ұзын»: Тоқаев екі министрді орнынан тұрғызбай қойды

Мағзұм Мырзағалиев бойының ұзындығына байланысты үстелдегі микрофонға тым қаттырақ еңкейді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Тоқаевтың «ведомствода су ресурстарын тиімді пайдалануға арналған бағдарлама бар ма?» деген сұрағына жауап беруге талпынған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бойының ұзындығына байланысты үстелдегі микрофонға тым қаттырақ еңкейді.

«Отырып жауап бере беріңіз. Бойыңыз тым ұзын, жауап беру (тұрып – авт.) ыңғайсыз», – деді мұны байқаған Президент.

Экология министрі Президентке «рақметін» айтып, орнына жайғасты.

Одан кейін сұңғақ бойлы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа да сапалы медициналық көмек туралы сұрақ қойып, алдын ала «Отырып жауап бере беріңіз. Сіздің бойыңыз ұзын» деді Президент.

Айтпақшы, олардың бойы 1,9 сантиметрден асады.

Комментарий