Саясат | Политика

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновке көмекші алуға кеңес берді

Мемлекет басшысы елорданың шетіндегі инфрақұрылымды үнемі бақылауда ұстап отыру керектігін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Алтай Көлгіновтің жұмысын жоғары бағалап, қаланың шетіндегі инфрақұрылым мәселелерін шешу үшін көмекші алуға кеңес берді, деп хабарлайды  Zanmedia.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

“Елорда әкіміне қатысты айтатын болсам, оның жүргізіп жатқан белсенді жұмысын оң бағалаймын. Қала тұрғындарымен, оның ішінде мәселесі бар аудан тұрғындарымен кездесу жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Адамдармен кездесіп біздің саясатымызды, оның ішінде елорда тұрғындары атап өтетін мәселелер мен мүмкіндіктерді түсіндіріп жүрсіз”, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы елорданың шетіндегі инфрақұрылымды үнемі бақылауда ұстап отыру керектігін айтты.

“Үнемі қаланы көріктендірумен айналысу керек. Бұған аудан әкімдерін де, сонымен қатар, орынбасарларыңыздың бірін де тартуыңыз керек. Керек мамандар жетпесе, алыңыз. Үкіметпен келісіп, бұл қызметке кімді тартуға болатынын ақылдасыңыз. Себебі кез келген қазақстандық болсын, шетелдік азамат болсын қаланың көркіне назар аударады. Әрине, ол климаттық жағдайға да байланысты екенін түсінемін. Бұл жерде оңай іс жоқ, үнемі қаланы абаттандырумен айналысу керек. Себебі астана – мемлекетіміздің айнасы”, – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Комментарий