Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Қазақ шенеуніктері неге қытайшыл боп кеткен?

Қазақстандық шенеуніктер 2000-2017 жылдар аралығында Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне қарағанда Қытай еліне жиі сапарлап барған. Бұл жөнінде жуырда жарық көрген  сараптамалық зерттеуде жария болды.

«Жібек жолы дипломатиясы: Оңтүстік және Орталық Азияға ықпал ету үшін бейжіңдік аспаптар деконструкциясы» деп аталатын зерттеу авторлары Қытайды бірқатар көршілес мемлекеттердің зиялылары мен шенеуніктері үшін ерекше қызығушылық танытатын ел ретінде қарастырып, кейбір деректерге назар аударған.

Сонымен, зерттеу мәліметі бойынша, Қазақстан шенеуніктері 2000-2017 жылдар аралығында Қытайға 253 рет үкіметтік сапармен барған, ал Өзбекстанның мемқызеткерлері сол кезең аралығында Қытайға 143 рет, Қырғызстанның мемқызметкерлері 123, Тәжікстан шенеуніктері – 113, Түркіменстаннан – 90 мәрте сапарлап барған.

Комментарий