Саясат | Политика

Дариға Назарбаева маңызды мәлімдеме жасады

Ертең емес, дәл қазір.

Парламенті Сенаты 2020 жылдан бастап облыстарды дамыту стратегиялары бойынша Парламенттік тыңдаулар өткізеді. Бұл туралы спикер Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды Zanmedia.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Сенат өзінің конституциялық сипатына сәйкес еліміздің өңірлерімен, облыстық мәслихаттармен тікелей, тығыз байланыста. Президент Қ.К.Тоқаев “Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан” – дегенді айтты. Бұл біздің ортақ міндетіміз – тұрақты қарым-қатынасты нығайту екенін білдіреді. Сенаттың жанынан жергілікті өкілді органдармен өзара әрекеттесу үшін құрылған Кеңес осы бағытта жұмыс істеуі керек, – деді Дариға Назарбаева.

Ол сонымен қатар, келесі жылдан бастап облыстарды дамыту стратегиялары бойынша, Сенатта мәслихат депутаттары мен үкімет өкілдерінің қатысуымен парламенттік тыңдаулар өткізу тәжірибесін енгізуге ниетті екенін айтты.

“Мен барлық әріптестеріме Парламент Сенатында  бірыңғай веб-портал іске қосылғаны туралы хабарлағым келеді. Онда жоғарғы палатаның депутаттары мен барлық деңгейдегі өкілді органдар тіркелген. Біз бұл порталды онлайн режимдегі қызметтік байланыс құралы, депутаттар арасындағы тұрақты тілдесу алаңы деп білеміз. Сіздерден сындарлы сұхбат пен нәтижелі ақпарат,  белсенді қатысуды күтеміз. Мен баршаңызды Қазақстан Республикасы мәслихатының 25 жылдығымен тағы да құттықтаймын, еліміздің игілігі үшін табысты, жемісті қызмет тілеймін. Халық жақсылыққа бастайтын оң өзгерістер күтеді. Ертең емес, дәл қазір. Біз бұл үміттерге лайық болуымыз керек, – деді Сенат спикері.

Комментарий