Саясат | Политика

Айсұлтан Назарбаев өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

Төменде Айсұлтан Назарбаевтың фейсбуктегі бірнеше жазбасының аудармасын келтіреміз.

«Кешірім сұраймын, бірақ, мен 2019 жылдың 8 маусымынан Фейсбук қолдана алмадым. Себебі, оны анам мен Әлнұр Мұсаев пайдаланып жүрді. Мен түрмеде болдым және туыстарыммен көп қиындықтар туындады. Менің атам сіздерге бәрін айтып бере алады деп ойлаймын.»

«Менімен сөйлескілері келетін журналистер болса Priory Hospital Hayes Grove деген жердемін. Менің телефоным +447707787788.»

«Барлық адамдарды олар қолданатын магиядан қорықпай, неге біздің құдайдан сонша алыс елде тұратынымыз жайлы ойлануға шақырамын. Олар маған жасаған жамандыққа қарамастан аман қалсам, Құдай, оның ұлы Иисус және киелі рух сіздерді де құтқарады.»

«Жақында олар мені өлтіруге тырысады немесе жынды деп дәлелдеуге тырысады, болмаса әкем сияқты камерада асып қояды. Менің күшім Аллахпен, оның ұлы Иисуспен және киелі рухпен.»

Өткен жылы Лондон қаласында есірткі пайдаланған күйінде өзіне-өзі қол салмақ болған Айсұлтан Назарбаев, кедергі жасаған полиция қызметкеріне шабуылдады деп айыпталған болатын. Сот шешімі бойынша “18 ай сынақта болып, 140 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі және есірткіге тәуелділіктен емделуге мәжбүрленіп, бір мың фунт айыппұл (1300 доллар) бес мың фунт шығынды төлеуі тиіс”, – делінген Айсұлтан Назарбаев Фейсбуктегі жазбаларында.

“Жас Алаш” газеті жазбада көрсетілген нөмірге хабарласып көріп еді, өзін “Айсұлтанмын” деп таныстырған ер адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын айтты. Ары қарай байланыс үзіліп кетті.

Комментарий