Саясат | Политика

Қазақстанда министрдің жалақысы қанша?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қанша жалақы алатынын БАҚ өкілдеріне айтты.

 Қазақстанда кім қанша жалақы алатыны жайлы ақпарат көп оқылады. Осыдан болса керек журналистер реті келсе мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жайлы сұрақ қояды. Өткен жылдың тамызында министр лауазымына тағайындалған Б.Нұрымбетов «900 мың теңге жалақы аламын», – деп журналистер сұрағын жауапсыз қалдырмады.

Біржан Нұрымбетов – 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Абай атындағы ұжымшарда туған. Қазақ.

Анасы – Тұяқбаева Тамара Әлімқызы, зейнеткер, ауылдық орта мектепте математика мұғалімі болған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Механика және қолданбалы математика» факультетін (1993) механик, математик-қолданбашы мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы» факультетін (2006) қаржы мамандығы бойынша бітірген.

 

 

 

Nege.kz

Комментарий