Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Әбілязов ісі: Ресей соты оның сыбайластарының «өрісін тарылтуға» кірісті

Сол банктің бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко, банктің басқа да бұрынғы қызметкерлері Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенко ісі өтуде.

Мәскеудің тагандық соты 31 қаңтарда қазақстандық «БТА Банкі» Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовқа қатысты бақылаудағы ұйымнан 58 миллиард рубльден астам ақшаны жымқыру туралы қылмыстық істі тыңдауға кіріседі, деп хабарлайды arasha.kz, РАПСИ-ге (Ресейдің құқықтық және сот ақпараттық агенттігі) сілтеме жасап.

Сот жұмада кәсіпкердің қорғаушысының келмеуіне байланысты қылмыстық істі қарауға кірісе алмады. Сондай-ақ, сол банктің бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко, банктің басқа да бұрынғы қызметкерлері Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенко ісі де өтуде.

Қылмыстық істің фигуранттары қазір Еуропада және оларды қайтаруға тек Ресей ғана емес, Қазақстан мен Украина да мүдделі. Мәскеу соты істі сырттай тыңдайды деп жазады агенттік.

Тергеу барысы Әбілязов «Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, қазақстандық банктің аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жүйелі түрде ұрлауға мүмкіндік беретін, ауқымды инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бірнеше күрделі және шатастырылған схемаларын әзірледі» деп есептейді.

400 томнан тұратын істе Абілязов аса ірі мөлшердегі алаяқтықтың 9 эпизодында (РФ ҚК-нің 159-бабы 4-бөлігі), қылмыс жасау кезінде алынған мүлікті жария етудің 3 эпизодында (РФ ҚК-нің 174.1-бабы 3-бөлігі), өкілеттікті теріс пайдалану (РФ ҚК-нің 201-бабы 2-бөлігі) және ұйымдасқан топтың алдау жолымен аса ірі залал келтіруі (РФ ҚК-нің 165-бабы 3-бөлігі «а», «б» тармақтары) бойынша айыпталып отыр.

Комментарий