Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Бұрынғы Мәжіліс депутаты өмірден озды

Қаралы хабарды Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook-парақшасында көпшілікке естіртті.

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Қамал Бұрханов қайтыс болды, деп жазады zanmedia.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Қаралы хабарды Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook-парақшасында көпшілікке естіртті.

“Жалған өмір-ай. Ұстазым, досым, әріптесім Қамал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем колдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай, Қамал аға!”, – деп жазды ол.

Қамал Бұрхановтың өмірлік жолы

Қамал Бұрханов 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор.

Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің ғылым қызметкері, С.М. Киров атындағы ҚазМУ аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, профессор, оқу жұмысы жайындағы декан орынбасары, Тарих факультеті Саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазМУ деканы болды.

2004-2006 жылдар аралығында президент әкімшілігінің бас сарапшысы.

2007 – 2011 жылдары төртінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды.

Үйленген, екі баласы бар.

Комментарий