Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Студенттерінің 70 пайызы ақылы негізде оқиды

Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында білім алатын 10 студенттің жетеуі ақылы негізде оқиды. Яғни жалпы 604 мың студенттің 424 мыңы алған білімі үшін ақша төлейді.

 Ал мемлекеттік грантпен оқитындар саны 180 мыңнан сәл асады. 2019-2020 оқу жылында Қазақстанда 125 жоғары оқу орны тіркелген. Оның жартысынан астамы – жеке университеттер. Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы мәліметке қарағанда жоғары білім беру саласындағы қызмет ақысы 10 пайызға өсті. Осылайша қызмет үшін алынған қаржының жалпы сомасы 229 жарым миллиард теңгені құрады. Оның 37%-ы Алматы қаласындағы университеттердің үлесінде. Үштікке Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысының жоғарғы оқу орындары да кіреді.

 

 

Nege.kz

Комментарий