Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Шұғыл науқастар алматылық ауруханаларға тіркеусіз де қабылданады

Енді Алматының іргелес аудандарына түскен шұғыл науқастар, қалалық ауруханаларға қабылданатын болады.

Мұндай бұйрыққа Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қол қойды.

Бұйрықта төрт бағыт көрсетілген: Қарасай, Талғар, Жамбыл және Іле. Іле және Талғар аудандарынан ересек науқастар жедел жәрдеммен № 4 қалалық клиникалық ауруханаға, ал Жамбыл мен Қарасайдан Қалқамандағы №7 қалалық ауруханаға жеткізіледі.

Ал балалар үш ауруханаға жеткізіледі. №2 қалалық клиника, балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы және балалар жедел медициналық орталығы (бұрынғы №1 балалар ауруханасы).

Бұл бұйрық үш жасар Ваня Михалкиннің аудандық ауруханадан екінші ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болғансоң шықты. Жамбыл аудандық диспансерінде тексеруден кейін нәрестеге ибуфен тағайындалып, үйге жіберілген. Алайда баланың жағдайы нашарлап, Қарасай аудандық ауруханасына жету үшін дәрігерлерді бір сағаттан астам уақыт күткен. Кейіннен бүлдіршінді Іле ауданындағы Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстыру туралы шешім қабылданған.

Комментарий