Қоғам | Общество

ЖСН мен БСН бірігеді

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер палатасына былтыр бизнес өкілдері шамамен 800 рет өз мәселелерімен жүгінген. 

Алматы, NEGE. СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кәсіпкерлердің 86-сы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз іс-әрекетке шағымданған. Шағымның 80-ні қаралып, 59 оң шешілді. Осылайша 300 млн теңгеден артық сомаға бизнесмендердің құқығын қорғады.

«Облыстың кәсіпкерлері көп жағдайда жер және салық бойынша, ауыл шаруашылығы, соның ішінде субсидия бөлу мәселелерімен шағымданады. Өңір диқандарына гербицид пен тыңайтқыштарға жұмсалған қаражатты қайтару оңайға соқпады. Мәселе түрлі деңгейде – ауыл шаруашылығы басқармасынан бастап, министрлікте де қаралды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Бас прокуратураның да араласуына тура келді», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Жеңіс Қазиев.

Қазіргі таңда субсидия алу мәселесі шешілді. 2020 жылдың ақпан айына дейін Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) мен Бизнес сәйкестендіру нөмері (БСН) біріктіріледі, нәтижесінде фермерлер мен шаруа қожалықтары мемлекеттің қолдауына сүйене алады. Осы және басқа да мәселелер жыл бойы кәсіпкерлер құқығын қорғау және кәсіпкерлер палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестерінің отырыстарында талқыланды.

Комментарий