Шоу бизнес

“Айқайласаң – өлтіремін”: Алматыда танымал әншіге шабуыл жасалды

Алматыда бұзақы танымал әнші Уатхан Заханқызына шабуыл жасады. Ол бойжеткенді пышақпан қорқытып, қаланың сыртына шығуын талап еткен, артынша оны тонап, оған қоса зорламақ болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

 

әнші

Бұл туралы “НеМолчи.kz” қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды.

Оқиға 11 қаңтар күні алматылық Желтоқсан көшесінде орын алған. Ойында ешнәрсе жоқ Уатхан Заханқызы есімді әнші көлігін айдауға дайындалып, оны қыздырып жатқанда темір тұлпардың алдыңғы жолаушы есігінен белгісіз ер азамат кіріп, отырып алған. Күдікті бойжеткеннің мойнына пышақ тақап: “Айқайламай, менің айтқанымды істе”, – депті. Жәбірленуші қаскөйдің бетінде бетперде, басында кепкасы мен қолында қолғабы киілгенін байқап қалған. Артынша ер азамат қыздың аузын жауып, оның ұялы телефонын тартып алыпты, содан кейін белгісіз бағытпен жүруін талап еткен.

Өзінің өмірі үшін қатты қорыққан әнші шабуылдаған азаматтың айтқанын бұлжытпай орындауға мәжбүр болған. Біраздан кейін олар Алматының Татарка ауданынан бір-ақ шығыпты. Бұзақы бойжеткеннің қолын байлап, оның телефонын ақтара бастапты. Байланыс құрылғысындағы электронды банкке кіріп, ондағы бар ақшаны өзіне аударған. Ақшаны аз көрген ол әншіні зорламақшы да болыпты. Алайда бойжеткен өзінің жүкті екендігін алға тартқан, оны естіген азамат тағы да бір жаққа қарай жүруін талап етіпті.

“Ол қыздың үйінің мекен-жайын айтуды сұрапты. Әнші бала кезінде отбасымен бірге тұрған жерін айта салған. Сол жерге жеткенде бұзақы тағы да қызды байлап, оған айқайласаң өлтірімен деп бұйрық берген. Өзі болса, көліктен түсіп дүкенге ішімдік алуға кіріп кетіпті”, – делінген қордың жариялаған жазбасында.

Содан кейін әншіге бұл жағдайды ешкімге айтпа деп бұйырып, өзі такси ұтсап кетіп қалыпты.

Уатхан Заханқызы дереу Алматы қаласындағы полиция бөлімшесіне барып арызданған. Үш күннің ішінде әлгі ер азамат құрықталыпты. Сонымен қатар бұзақы тағы бір қызға шабуылдағаны анықталыпты. Екі азаматша да оны таныпты. Күдікті уақытша тергеу абақтасына қамалған. Өз кезігінде жапа шеккен әнші басқа да қыздарға сақ болуларына кеңес беріпті.

Уатхан Заханқызы “Сен мен үшін”, “Түнгі әуен”, “Ағама” әндерімен халыққа танымал.

Комментарий