Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Елордада жедел жәрдем жеткенше 2 сынып оқушысы көз жұмды

Қыздың ата-анасы оны дәрігерге қаратып, емге қажетті ақпараттарды жаздырып алған.

Елордада 2011 жылы дүниеге келген өрімдей қыз көз жұмды, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасап,  Zanmedia.kz  Skifnews.kzақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиға туралы ақпарат 14 қаңтарда кешкі сағат 19:33-те түскен. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы барады.

Нәтижесінде, оқиға болған жерге жеткен полиция қызметкерлері марқұм болған қыздың бір күн бұрын өзін жайсыз сезінгенін анықтады. Қыздың ата-анасы оны дәрігерге қаратып, емге қажетті ақпараттарды жаздырып алған. Келесі күні баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған. Ақырында мектеп оқушысының демі жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше үзіліп кеткен.

Қазіргі кезде қыздың өліміне қатысты мәлімет тергеудің сотқа дейінгі бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Комментарий