Құқық | Право

Алматыда көлік жүксалғышына доллар мен қару салған жүргізуші ұсталды

Алматыда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады. Оның көлігінің жүксалғышынан травмат тапанша табылған, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Toyota Camry маркалы автокөлігінің алдыңғы терезелері көлегейленген. Тексеру кезінде жүргізушінің бірде-бір құжаты болмаған.  “Жүргізушінің көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ және қалада бөтен автомобильді басқарған. Инспекторлар шұғыл және арнайы қызметтердің автокөліктеріне арналған арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған автоға орнатылған құрылғыларды байқады. Тәртіп бұзушы өте қатты қобалжып, уақыт өте келе біреумен телефон арқылы сөйлескен”, – деп хабарлады әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны өкілдері.

Комментарий