Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Алматы мемлекеттік кірістер басқармасында парақорлар ұсталды

Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бірқатар қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының “Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы” бөлімінің басшысына және осы бөлімнің бас маманына қатысты жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайдыZanmedia.kz  zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар жеке кәсіпкердің (ЖК) шотының бұғаттауын алу мен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен 30-40 мың теңге көлемінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күдікті деп танылды
Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Комментарий