Тағдыр | Судьба

«Туған қызы мен қарындасын күнде зорлайтын» – 20 жыл құлдықта болған әйел

Тұрақты жұмысы болмаған оның күйеуі үйіне әлдекімдерді ертіп әкеліп, ұрлық жасап тапқан ақшасына арақ ішкен екен. Оның көргенін  күйеуінің туған қарындасы да басынан өткерген. Онымен қоймай, күйеуі және сырттан келген достары туған қызын күнде зорлапты.

Қапалы келіншек Шолпан Көшербаеваның сөзіне сенсек, ол өмірінде 3 адамның өлімін өз көзімен көріпті. 20 жыл құлдықта болған елордалық әйел басынан өткен адам сенгісіз сұмдық жайттарды айтып берді, деп хабарлайды   Евразия арнасы.

Қазір қаскөй оны да “өлтіреміз” деп ізінен аңдып жүрген көрінеді. Осы уақытқа дейін көрмегені жоқ оның көзін қышқыл затпен күйдіріп, апталап тамақ бермей, арақты мәжбүрлі түрде ішкізіп, сорақылықтың нешетүрлісін көрсеткен. Оған дәл мұндай қатыгездікті көрсеткен өзге біреу емес, күйеуі мен оның туысқандары екен.

Адам айтса сенгісіз жайттарты көрген Шолпан Көшербаеваның денесінің сау тамтығы қалмаған. Ажырасқан ол екі баласымен қайта тұрмысқа шығамын деп ойламаған. Ажырасқан соң бір жыл өткенде ғашық болған ол, сол қылығы үшін әлі күнге дейін өкініп жүр.

“Сол  жақ көзіме қышқыл сеуіп жіберді. Не үшін деп сұрадым. Жай деді. Одан бөлек кеудеме пышақ сұққан кездері болған. Жалпы, ішіп алып істемегендері жоқ. Апталап тамақ бермеген кездері болған. Туған қызын да зорлайтын”, – дейді зәбірленуші.

Тұрақты жұмысы болмаған оның күйеуі үйіне әлдекімдерді ертіп әкеліп, ұрлық жасап тапқан ақшасына арақ ішкен екен. Оның көргенін  күйеуінің туған қарындасы да басынан өткерген. Онымен қоймай, күйеуі және сырттан келген достары туған қызын күнде зорлапты.

20 жыл бойы “қоятын шығар” деп шыдаған Шолпанның шыдамы былтыр қазан айында таусылып, содан бәрі ұйықтап жатқанда қашып кетіпті. Сол кезде полицияға бірден арыз жазса да, арызын әлі күнге дейін қабылдамапты.

“Себебі, полицейлер таныс-тамырым жоқ мені емес, ауылдық әкімдікте жұмыс істейтін күйеуімнің әпкесін тыңдайды”, – дейді Шолпан. Қарсылық білдірсе болды, жындыханаға жатқызамыз деп қорқытыпты.

«Ол 20 жыл бойы құлдықта өмір сүрсе де, әлі күнге дейін арызымды қабылдаңызшы деп бәріне жалынып жүр. Бұл не деген масқара?  Қылмыстық істі қозғамаған. Ешқандай шара да қолданбай келеді», – деді құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Шолпанның ендігі қалауы қалған өмірін балаларымен бірге өткізіп, бақытты сүру ғана.

 

 

 Skifnews.kz

Комментарий