Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Қорғаныс министрлігі: Президенттің құзыретін кеңейту керек

Қорғаныс министрлігі мемлекет басшысының соғыс жағдайы кезінде құзыретін кеңейтетін заң құрастырып шығарды.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов Мәжіліс отырысы кезінде мәлімдеді.

Бектановтың сөзінше, жобаның басты мақсаты – соғыс жағдайындағы заңнамана мәселесін дамыту. Бұл жайт заманауи кикілжіңдер мен қауіптерге байланысты мемлекеттің әлеуетін тұрақтылыққа ұстап тұру үшін маңызды.

“Қорғаныс ережелерін бекіту арқылы президенттің құзыретін кеңейту қолға алынып отыр. Мұнымен мемлекеттік органдар айналысады. Заңнама бірнеше мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты құжаттардың жиынтығы болмақ”, – деді Бектанов.

Сонымен қатар министріліктің әскери кезеңдегі жағдайын ескере отырып, үкіметтің бейбітшілік кезіндегі құзыретін де ұлғайту керектігі айтылды. Ал соғыс жағдайында мемлекеттік органдардың жұмысын сол кезеңге байланысты көшірген дұрыс.

Бұған қоса аталған жоба Еңбек кодексі мен үш заңға (соғыс жағдайы туралы, қорғаныс жайлы, мобилизациялық дайындық және мобилазация туралы) өзгерту енгізеді екен.

 

 

 

Stan.kz

 

Комментарий