Әлемде | В мире

Жолдың опырылуы салдарынан 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Наньдацзе көшесі – үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі.

Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында жолдың опырылып түсуі салдарынан 10 адам іс-түзсіз жоғалып, 15 адам жарақаттанды, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға дүйсенбі күні сағат 17:30 шамасында болған. Провинцияның әкімшілік орталығы – Санин қаласындағы Наньдацзе көшесінде жолдың бір бөлігі опырылып түскен. Автобус шұңқырға құлап, жарылған, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Наньдацзе көшесі – үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткендерді әлі іздестіріп жатыр. Қалалық төтенше жағдайларды басқару департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер ем қабылдап жатыр және жағдайлары ауыр емес.

 

 

Skifnews.kz

Комментарий