Қоғам | Общество

«Мектепте сұмдық жағдай»: 7 сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларынан қысым көргенін айтты

“Бізді желімге жұмсап, өздері соны иіскейді. Сосын мас адам құсап жүреді. Бізді отырғызып-тұрғызып қинайды”, – дейді 7 сынып оқушысы.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың назарына! Алматы облысына қарасты Ескелді ауданында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте сұмдық жағдай болды. Яғни, төменгі сынып оқушылары үлкен сыныптағы  жасөспірімдерден қиянат көрдік деп шағымдануда, деп хабарлайды, Skifnews.kzақпарат порталы,”Информбюро”-ға сілтемежасап.

“Жәбір көрдік” деп шағымданған 7 сынып оқушыларының сөзіне сенсек, олар 10-11 сынып оқушылары өздерінен төмен сыныпта оқитын балаларды желімге жұмсап, оны иіскеуге мәжбүрлейтін көрінеді. Тіпті, ойларына келгенді істетіпті.

“Бізді желімге жұмсап, өздері соны иіскейді. Сосын мас адам құсап жүреді. Бізді отырғызып-тұрғызып қинайды”, – дейді 7 сынып оқушысы.

Бұл оқушының сөзін басқа құрдастары да растап отыр. Дегенмен, 11 сынып оқушылары болса, оларға “қысы жасамаймыз” деп ақталуда. Қайта олар “фрифайер” ойнап, ақшаларын ойынға құртады” деп жалтарды.

Ал осы жайтты біліп, шағымданған ата-ананың бірі, “мұны министрлікке дейін жеткіземін” деп білек сыбанып отыр. Баласының жағдайы үшін қам жейтін ана әлімжеттік жасалуын тоқтатуды талап етті.

Қарабұлақ ауылында дүкен сатушысы болса, “Супермонолит” желісін оқушылардың көбі сатып алатынын растап, камера түсуден бас тартты.

Қазіргі таңда осы жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқушының ата-анасынан полицияға ресми арыз түскен жоқ. Тергеу ісі Ескелді ауданы полициясының өндірісінде және облыстық департаментінің бақылауына алынды.

 

Комментарий