Құқық | Право

Кәсіпкерден ірі көлемде пара алмақ болған 2 прокурордың әрекеті әшкереленді

ҰҚК ұстау операциясын 2019 жылдың 10 желтоқсанында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген.

Өскеменде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері екі прокурорды кәсіпкерден 50 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұстады, деп хабарлады Sputniknews.kz.

ҰҚК ұстау операциясын 2019 жылдың 10 желтоқсанында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген.

“Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қорқытып алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Әлжаппар Құтанов пен ШҚО прокуратурасы қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Рамазанов қылмыс үстінде ұсталды”, – деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-т. (“Қорқытып алушылық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Комментарий