Тағдыр | Судьба

Алматыда ұшақ апатында көз жұмған пилоттың анасы: Ұлым “Мараттан айырылып қалдық” деп жылап келді

Алматы маңында құлаған «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер 100» құлап, 12 адам қаза болды. Апаттан пилот Марат Мұратбаев та көз жұмған еді. Ұлының өлімі жайлы анасы пікір айтты.

Бұл туралы Qazaqstan арнасының “Апта” бағдарламасында айтылды.

Марат Мұратбаевтың артында жары мен екі баласы, 80-ге таяған қарт анасы қалды. Бұл ұшқыштың көкке соңғы самғауы болатын.

“Келінім мен осы үйдегі балам Талғат екеуі келе жатыр екен. “Талғат, сен естідің бе, Бек Эйр ұшағы апатқа ұшырапты. Біздің Марат сонда істемей ме дедім. Сонда балам мені бас салып құшақтады. Мараттан айырылып қалдық деп”, – деп көз жасына ерік беді анасы Кермағыз Мұратбаева.

Ана үшін ұлының естелігін айтып, қазасын көруден артық қайғы бар ма?

Енді Кермағыз Мұратбаева енді тергеудің ашық өтіп, шешімнің әділ шыққанын қалайды. Ұлының қандай жағдай болмасын дұрыс әрекет еткенінен ана жүрегі сенеді.

“Енді әділ шешім шықса деп ойлаймын. Жазда үш ай Африкада болып келді ұлым. Әулеттің мақтанышы ғой”,  – деді қарт ана.

Естеріңізге салайық, жаңа жыл қарсаңында Алматы маңында «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер 100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапты. Опат болғандардың арасында экипаж командирі де бар. Апатқа қатысты бірнеше болжам айтылғанымен, нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу, тексеру жұмыстарымен арнайы құрылған үкіметтік комиссия айналысып жатыр.

 

 

stan.kz

Комментарий