Талқыдағы тақырып

Әкімдеріміз, әкімшіліктегілеріміз кез келген көкайыл қатын іреп кете беретін көкпарға айналды

Өзім сыйлайтын бір азаматтар ақ тер, көк тер болып шапқылап жүр. Бақсам- бір 82-дегі орыстың кемпірі “жағдайым жоқ, маған әлеуметтік қызметкер бөл ” дей ме-ау, тағы бірдеңе деп “көшіріп жатыр” екен. Біздің жігіттер ештеңе дей алмайды- мемлекеттік қызметте себебі. Әрі қарай зерттеп көрсем… кемпірдің екі баласы бар, үйлері бастарында, пенсиясы да бар. Осыларды сонша неге басқа т*****қызамыз осы? Ұлтараздық емес, жағдайы тым нашар болса, негр болса да, көмектесуге дайынмын! Бірақ… заң бойынша әлгі соқталдай екі албастысынан алимент өндіруге, бағуға көндіруге болады ғой! Балалары талтаңдап жүреді-Үкімет көмектесу керек, что за абсурд? Осы мемлекеттік қызметкердің этикасы дегенді қайта қарамаса, әкімдеріміз, әкімшіліктегілеріміз кез келген көкайыл қатын іреп кете беретін көкпарға айналды! Шын айтам!

Фейсбуктегі парақшасынан

Шара Тұрмағамбетова

Комментарий