Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлады: Қаза тапқандар бар

Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және “Алтын жебе” арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған”, – делінген хабарламада. Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды.
Қазіргі уақытта екі тікұшақ Қызылордаға қонды, біреуі апат орнына оралды.  Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірігіп, әуе апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады.  ІІМ ТЖ жөніндегі комитететінің мәліметінше, МИ-8 Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған. Тікұшақ белгісіз жағдайларда құлап, толықтай өртеніп кеткен.

Комментарий