Саясат | Политика

«Депутаттарымыз бір отар қой сияқты» – Арман Шораев

Бір-бірімен айқайласып, төбелесіп деген сияқты. Ондай жоқ қой, өкінішке орай.Сондықтан парламентте отырған депутаттар жай бір қуыршақтар театры деп айтсам қателеспеймін немесе қариялар үйі.

“Қазақстан барысы” қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы әрі авторы Арман Шораев депутаттарды бір отар қойға теңеді, деп хабарлайды Skifnews.kzақпарат порталы. Бұл туралы ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына қонақ болып, сұхбат бергенде айтты.

“Шындықсыз өмір жоқ. Шындық әр кезде өз деңгейінде айтылуы керек. Шындықты айтпай, осы түрімізбен біз ел бола алмаймыз. Егемендігімізден де айырылып қалуымыз ықтимал деп ойлаймын”, – деп ел тағдыры туралы ойларын жасырып қалмаған журналистің “Осының бәріне кім кінәлі?” деген сұрағына:

“Совет дәуірінен келе жатқан билік. Олар Калашников автоматынан басқа түк істей алмайды. Жаңа өзгерістер әкеле алмайды, жаңа қоғам құра алмайды. Олар жойылмай, біздің еліміз оңбайды деп ойлаймын. Билік басына сол Совет дәуірін көрмеген, иісін иіскемеген, Ленинді көрмеген адамдар келуі керек. Ондай қызметке мен де жарамаймын. Билікке менен кейінгі 30-40 жастағы жас қыз-жігіттер келуі керек”, – деп жауап берді.

Парламент депутаты болғысы келмейтінін айтқан Арман Шораев, сондай-ақ, елімізде митингтер, айқай-шу неліктен болатыны туралы ойын ашық айтты.

Парламентте отырған депутаттарымыз бір отар қой сияқты.Үн жоқ, түн жоқ деген сияқты. Егер билік рұқсат берсе, біреуді сынайды. Ал былай отыра береді. Олар халықтың қалаулылары ғой. Халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуі керек қой. Бір-бірімен айқайласып, төбелесіп деген сияқты. Ондай жоқ қой, өкінішке орай.Сондықтан парламентте отырған депутаттар жай бір қуыршақтар театры деп айтсам қателеспеймін немесе қариялар үйі”, – деп төтесінен көкейіндегі көрікті ойын жайып салды.

Айтпақшы, Арман Шораев, сұхбат барысында 10 шақты адамның жағын сындырғанын, өмірінде бір рет ғана таяқ жегенін айтты. Онда да ұйықтап жатқан жерінен 4 шешеннің тұтқиылдан тап бергенін айтып, жастық шағын есіне алып, өмірінің қызықты шақтарынан сыр шертті.

Комментарий