Саясат | Политика

«Шындықтың беті ашылды»: Зеленский Иран билігінен кешірім мен өтемақы талап етті

Иранның өз кінәсін толық мойындап, дипломатиялық жолмен ресми кешірім сұрауын күтетіндігін жеткізді.

Күні кеше Иран билігі украиндық апатқа ұшыраған ұшақты абайсызда атып түсіргендіктерін мойындап, қаза болғандардың отбасыларынан кешірім сұраған болатын. Осы мәліммдемеге орай, енді Украинаның президенті  Владимир Зеленский Иран елінен кешірім мен өтемақы талап етті.

Тегеранның мәлімдемесінен кейін Зеленский әлеуметтік желідегі facebook парақшасында мынадай жазба қалдырды:

«Бүгінгі таң жайсыз басталғанымен, шындықтың беті ашылды», – деп жазды.

Осы жазбасы арқылы Владимир Зеленский Иранның өз кінәсін толық мойындап, дипломатиялық жолмен ресми кешірім сұрауын күтетіндігін жеткізді. Сосын кінәлі әскерилердің жауапқа тартылуын, тергеудің ашық жүргізілуін және қаза тапқан жолаушылардың жақындарына өтемақы төленуін талап ететінін аңғартты.

Sn.kz

Комментарий