Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Басыма мінесің бе енді?»: Талғат Мұсабаев журналистер алдында «мәдениеттіліктің үлгісін көрсетті» (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісіндегі “Сұмдық екен” тобына Баур.Баур есімді азамат ғарышкердің журналистерге сұхбат беру барысындағы видеосын жүктеген.

 

 

Желіде Талғат Мұсабаевтың журналистерге зекіген видеосы пайда болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Facebook әлеуметтік желісіндегі “Сұмдық екен” тобына Баур.Баур есімді азамат ғарышкердің журналистерге сұхбат беру барысындағы видеосын жүктеген.

«Көркем мәдениеттіліктің үлгісін көрсетті», – деп жазба қалдырыпты ол.

Видеода байқағанымыз, ашулы ағамыз тұратын орнын меңзеген журналисті итеріп жібереді. Оған қоса, «басыма мінесің бе енді?» деп дүрсе қойғаны анық естіліп тұр.

Қазақтың маңдайға біткен бағы, еліміздің мақтанышы Талғат Мұсабаевтың бұл әрекеті жұртқа жақпай қалды.

«Мен қазақтың батыр ұшқышын көріп тұрған жоқпын. Бұндай ұшқыштың барынан жоғы жақсы», «Бұндай қылығы ұят екен….шала қазақтың….», «Адам деген адамдықты ұмытады биікке өрлеген сайын», «журналисте не шаруасы бар», «Сұмдық! Осыған космодромды сеніп тапсырдық», «Көрсетер өнегесі жоқ, жастардан ұят болды-ау», – деп налыды желі қолданушылары.

Комментарий