Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Жарылыс болған жоқ»: Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлады

Полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында белгіленген аумақтан тыс жерге зымыран сынығы құлады.

“2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлады. Жарылыс болған жоқ. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен қираулар жоқ”, – дейді жауаптылар.

Министрлік өкілдерінің сөзіне сенсек, құлаған зымыран сынығы тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп төндірмейді екен.

“ҚР-ның аумағында объектілерді пайдалана отырып, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілді. Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметі жұмыс істеуде, полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады. Осы келісімге сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтауды жүргізетін болады”, – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

 

SN.kz

Комментарий