Талқыдағы тақырып

Мына заманда иістенбей жүрудің өзі үлкен ерлік боп қалды ма деймін…

Саяттың (Медеуов) тілі у ғой у) Сол Сәкеңе бірде бір жігіт ( есімін айтпай-ақ қояйын) өзінше ақыл айтып қоймай қойыпты.
– Әй, Саят, сахнада жүргеніңе көп болды, не жиған байлығың жоқ, не клипің жоқ, саған жарнама жетіспейді, – дейді ғой.
– Оу, көке, клип дегенді аса жақтырмаймын, оның үстіне оған көп ақша керек, – дейді Сәкең саспастан.
– Ей, сен қоқаймай үлкен кісілерге бар, жағымпаздан, өйтіп-бүйтіп артына кір. Сонда клип те, үй де болады, – дейді танысы өзеурей.
– Артына деймісің, қойшы, сасық қой, – депті Саят күліп. Жігіт шап ете түседі;
– Ә, қу бала, сен біреудің артына кіріп көргенсің ғой, әйтпесе сасық екенін қайдан білесің!
– Е, жоға, мен кіріп көрген жоқпын, сенің үстіңнен мүңкіп тұр ғой, содан білдім, – дейді Саят. Әлгі жігіт шалт бұрылып кетіп қапты, содан кейін көпке дейін сөйлеспей қойыпты. Мына заманда иістенбей жүрудің өзі үлкен ерлік боп қалды ма деймін…

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий