Аймақ | Регион

Түркістан облысында ұлының қолын байлап, аузын таңып тастаған әйел табылды

Түркістан облысының полициясы баласының қолын қайырып байлап, аузын шүберекпен жауып тастаған әйелді тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Орынбек Facebook-те оқиғаның видеосын жариялады. Видеодан баланың еденге отыратынын, қолы байланған, аузы таңылған күйде екенін көруге болады. Бейне авторы баладан: «Не болды, балам?» – деп сұрайды. Бұл кезде видео сыртында екі әйелдің ұрысы естіледі.

«8 қаңтарда жергілікті тұрғын Сарыағаш АІІБ-на бұрынғы әйелім  2017 жылы туған баласына қысым көрсетіп жатыр деген арызбен жүгінді. Бұл факт Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау» бабы бойынша тіркелді. Осы заңсыздыққа қатысы бар адамдарды сотқа дейінгі тергеу барысында полиция анықтайды», – деп хабарлады Түркістан облысы ДД баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша әйелге 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, 40 тәулікке қамауға немесе 160 сағатқа түзету жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ, ол үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін.

Комментарий