Талқыдағы тақырып

Қоғамдық көлікке екі жүргізушіден шығарыңдар!

Астанадағы 5 сәбидің өлімінен кейін көпбалалы отбасыларға “жағдай жасап” жатсыңдар ғой. Енді Нұр-Сұлтандағы автобус апатынан кейін қоғамдық көлікке екі жүргізушіден шығарыңдар! Рөлде таңнан кешке дейін қалғып-мүлгіп отырмай, бірі түске дейін, екіншісі түстен кешке дейін жұмыс істесін. Болса да қысқарған кондукторлардың айлығы аспанға ұшып жатыр емес пе?!
Бұқараға шын мәнінде тиімді қызмет көрсетпейінше, бір елде екеу тұрмақ, он президентің болса да, құр жағымпаздықпен өрге баспайсың, қазақ билігі! Ал оған миларың жетпесе, мені екі президенттің біріне кеңесші етіп алыңдар!

Фейсбуктегі парақшасынан

Еркеғали Бейсенов

Комментарий