12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мәртебелі мамандық биігінде

Өмірі өнеге, тағылымы теңдессіз тәрбие мектебіне айналған Махашева Гүлсім Нұрланбекқызы 1961 жылы Балқаш қаласының Тарғыл тауының бөктерінде жатқан, Гүлшат кентіндегі үлгілі отбасында дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдағаннан кейін 1978 жылы Гүлшат Нұрланқызы алғашқы еңбек жолын Балқаш қалалық халық сотында хат тасушыдан бастаған.

Жұмысқа епті, әр іске жауапты Г.Нұрланбекқызы бұл қызмет баспалдағын тәжірибе мектебіне санады. Ал 1982 жылы ғибратты ғұмыр иесі мысты шахардағы сот мәжілісінің хатшысы міндетіне зор жауапкершілікпен кіріскен. Сол жылы Гүлсім Нұрланбекқызы Қарағанды мемелекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, студент атанады. Болмысы бөлек, талғамы ерек Гүлсім Махашева студент кезінде де Балқаш қалалық халық сотымен қарым-қатынасын үзген жоқ. Әсіресе, жазғы демалыста мұндағы мамандарға қолғабыс етіп, оқу әдістемелік өндірістік тәжірибеден өткен. Гүлсімнің өмір өткелінде екшеп алар ерекше тарихқа айналған естеліктер жетерлік.
Айталық, жоғары оқу орнын аяқтар шағында Балқаш қалалық халық сотының басшысы болған Слободчикова Людмила Павловна кабинетіне шақырып алады. Сол кезде, оның жанында судья Салин Әбдіәшім Әлжаппарұлы отыр екен. Беделді де, лауазымды басшылардың Гүлсім Нұрланбекқызына іш тартып, ыстық ықылас білдіруі тегін емес еді. Осы бір оңтайлы сәтте олар Гүлсімді Жезқазған облыстық Әділет басқармасына судьялық резервке енгізу туралы шешкендіктерін естіртіпті. Осылайша жақсы адамдар, жайсаң жандар жас маманның судьялық қызметіне даңғыл жол ашты.
1987 жылы ол жолдамаларды бөлетін комиссияның отырысында Балқаш қаласына қандай да бір орын болса жұмысқа алуын өтінген. Күндердің-күнінде Балқаш қалалық сотының басшысы Слободчикова Людмила Павловна хабарласып, алдағы болатын судьялар сайлауына қатысу керектігін құлаққағыс еткен көрінеді. Қызметті мансап деп емес мақсат деп қарайтын Гүлсім сөзге келместен келісімін береді.
Сөйтіп, 1990 жылы сәуірде Балқаш қалалық сотының халық судьясы болып сайланады. Он жылдан астам лауазымды қызметті атқарса да ол қарапайым қалпынан, кішіпейіл келбетінен еш айнымады. Атаның қаны, ананың сүтімен келген асыл қасиеттері мен телегей тектілігінің арқасында ұжымның ортасында аты ардақты, сөзі салмақты судьяға айналды.
Осынау жылдар аралығында Жезқазған облыстық сотына ауысу туралы талай мәрте ұсыныс түскен еді. Бірақ Гүлсім Нұрланбекқызына бірінші сатыдағы соттың жұмысы жанына жақындығынан болар, бұл қызметтен бас тартып, келісімін бермеді. Бірақ 2001 жылы тәжірибесі мол, білімі ұшан-теңіз маман Қарағанды облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы болып ауысты.
Сол кездегі Қарағанды облыстық сотының басшысы Касимов Ақылтай Ахметжанұлы өте көреген ұтқыр ұйымдастырушы басшы еді. Іскер азамат үлкен жауапкершілікпен жаңадан құрылатын экономикалық сотқа аймақтағы судьяларды іріктеу ісіне араласты. Гүлсім Нұрланбекқызының өмір жолы мен қызмет барысында міне осындай жақсы адамдар көп жолықты. Аға буын жас маманға талай қиындыққа қайыспай, қасқайып қарсы тұра білетін күрескер болу керектігін үйретті. Судья болып, отыз жылдан астам қажырлы еңбек етті. Одан кейінгі жылдары өзі де көрген-түйгендері мен тәжірибесін жас әріптестерімен бөлісті. Қарағанды облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы болып ұзақ жыл еңбек етті. 2020 жылдың соңында Гүлсім Нұрланбекқызы құрметті демалысқа шықты. Осылайша ол еліміздің сот саласында өзіндік мектебін қалыптастырды.
Тұғыры биік Қазақстанның саяси-қоғамдық өміріне сіңірген орасан зор еңбегі елеусіз, ескерусіз қалмады. Сөзімізге лайықты мақтау, марапаттары дәлел. Көрнекті тұлға бірінші сатыдағы судьялардың ішінде ең алғашқылардың бірі емес, бірегейі болды. Гүлсім Махашева 2005 жылы тамыздың 25-нде ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Консти­туция­сына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, өнегелі өмір иесі 2015 жылы сот саласындағы жоғары марапат саналатын «Үш би» Құрмет белгісімен, ҚР Жоғарғы Соты төрағасының 2019 жылғы 23 тамыздағы өкімімен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін медалімен» салтанатты түрде ұлықталды. Бұған қоса пайым-парасаты жоғары азаматшаға бірнеше рет «Құрмет» грамоталары табысталған. Озат ойлы жан, отставкаға шықса да, марапат мінберінен, қадірлі құрмет төрінен түспеді. Адамдық салтынан, қарапайым қалпынан айнымаған Гүлсім Нұрланбекқызы 2021 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Досты бауырға, бауырды тәуірге айналдырған білікті маманның аға буынға және әріптестеріне айтар ақжарма алғысы мен риясыз рақметі шексіз. Гүлсім Нұрланбекқызы ұлт пен ұрпақ үшін өлшеусіз еңбек еткен мәртебелі маман.

Қарағанды облысы
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс...

Үлкенге де, кішіге де қамқор аға

Қазақстан соттарының төл мерекесі тек сот қызметкерлері үшін ғана...

ДАМУ ЦИФРЛАНУҒА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ

Сот жүйесінің кешегісіне көз жүгіртіп, бүгінгісіне талдау жасайтын болсақ...

Жүйе Конституциялықнегіздерді нығайтты

Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас. Ал Конституция мен...

Ардагер-судьяларға алғысымыз шексіз

Кәсіби мерекені белгілеудің өзіндік мәні бар. Бұл әр мамандықтың...